Қазақстан фермерлері қауымдастығы – ауыл шаруашылығы саласындағы ең ірі коммерциялық емес бірлестіктердің бірі болып табылады.
Қауымдастықтың негізгі мақсаты – ішкі және сыртқы нарықтардың сапалы тамақ өнімдеріне, тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге сұраныстарын қанағаттандыру арқылы фермерлердің (шаруа қожалықтарының) және агроөнеркәсіптік кешеннің басқа да қатысушыларының қызметін жүзеге асыру және дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және агроөнеркәсіптік кешеннің басқа да қатысушыларын мемлекеттік және мемлекеттік емес қолдау жүйесін жетілдіруге, оның ішінде лизингтік техникалар мен жабдықтарды дамытуға, фермерлердің (шаруа қожалықтарының) қаржылық ресурстарға және жаңа технологияларға қолжетімділігін кеңейтуге жан-жақты ықпал көрсету.
Негізгі мақсатқа қол жеткізу үшін Қауымдастық келесі жұмыстарды жүзеге асыруды жоспарлап отыр:
1) Қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттері туралы ақпаратты тарату және түсіндіру;
2) заң шығару қызметіне қатысу;
3) мемлекеттік билік органдарында, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және басқа да ұйымдарда Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне өкілдік ету және қорғау;
4) Қауымдастық мүшелеріне әдістемелік, ұйымдастырушылық және басқа да көмек көрсету;
5) қайырымдылық қызмет;
6) конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қауымдастық Жарғысына қайшы келмейтін басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
7) халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесу және халықаралық қатынастарды дамыту.
Қауымдастықтың мүшелері ұйымдық-құқықтық нысанынан тыс, ауыл шаруашылығы, ғылыми кәсіпкерлік және онымен байланысты салаларда кәсіптік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бола алады.
Бүгінгі таңда қауымдастықтың мүшелері Қазақстанның барлық аймақтарынан әртүрлі меншік нысанындағы 52 000 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер болып табылады.
Қауымдастық жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу үшін Орталық мемлекеттік билік органдары мен «Атамекен» ҚР ҰКП тарапынан аккредиттелген.
Қауымдастық қызметкерлері мен мүшелері Орталық және жергілікті атқарушы билік органдарда ауыл шаруашылығына қатысты мәселелер бойынша жұмыс топтарының құрамына кіреді, «2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жобасының» тұжырымдамасын әзірлеу бойынша БҰҰ ФАО сарапшылары болып табылады.
Қауымдастықтың облыстық филиалдарының төрағалары арасында «Аманат» және «Ауыл» саяси партияларынан облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттары бар.
Қауымдастық қызметкерлері Директорлар кеңестеріндегі тәуелсіз директорлар және қызметі агроөнеркәсіптік кешенмен байланысты квазимемлекеттік сектор ұйымдарындағы Қоғамдық кеңестердің мүшелері болып табылады.
Қауымдастықтың орналасқан жері және заңды мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қ. Мәскеу көшесі, 18-үй, 14-КО
телефондары: 8/7172/50-99-28, 50-99-29
электрондық почтасы: ard_astana@mail.ru
Облыс орталықтарында Қауымдастықтың филиалдары бар:
Т.А.Ә. | Облыстар | Телефондары |
Керимбеков Ақшабай Дүйсембекұлы | Алматы | 8701-2137070 |
Искаков Нартай Жұматайұлы | Ақмола | 8701- 5115218 |
Сарманов Мұрат Сатыбалдыұлы | Атырау | 8701-5775100 |
Сариев Берік Камелұлы | Ақтөбе | 8705- 4940076 |
Сұлтанбеков Дулат Әбенұлы | Жамбыл | 8701- 1107071 |
Ахметов Марат Жұмасұлтанұлы | Қостанай | 8705-1970770 |
Жабяк Игорь Васильевич | Қарағанды | 8702-1771477 |
Пашкенов Өмірхан | Қызылорда | 8701-7712712 |
Уразбаев Сайлау Шаймарданұлы | Павлодар | 8705-2014680 |
Алпысов Ерлан Сапарбекұлы | Солтүстік-Қазақстан | 8777-3108111 |
Шәріпов Жүсіп Шәріпұлы | Түркістан | 8705-3673701 |
Байғалиев Серік Марксұлы | Шығыс-Қазақстан | 8777-0097710 |
Жарылгапов Серік Әбдіғалиұлы | Батыс-Қазақстан | 8701-331 15 31 |
Ізімтаев Бақтыбай Нахуұлы | Маңғыстау | 8701- 3341633 |
Байланыстық деректер:
Қазақстан Республикасы
010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Мәскеу көшесі, 18-үй, 14-кеңсе
Қабылдау бөлмесінің телефоны: +7(7172) 509928
Заң бөлімінің телефоны: +7(7172) 509930
Бухгалтерияның телефоны: +7(7172) 509929
Email: ard_astana@mail.ru
Leave a Reply