Келелі кездесу

with Комментариев нет

«Қазақстан фермерлері қауымдастығының» Басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев республикалық ірі қара мал палаталарының өкілдерімен Бисекенов Нұрғали Рыспайұлы – Әулиекөл тұқымы бойынша РП атқарушы директоры, Сағынбаев Азамат Қуандықұлы – сүт және аралас тұқым бойынша РП кеңесшісі, Матақбаев Дәурен Аманжолұлы – қазақтың ақбас тұқымы бойынша Атқарушы директор, Разак Бауыржан Бақытжанұлы – ангус тұқымы бойынша РП өкілі, Өтелбаев Бахтияр Бақытжанұлы – қалмақ тұқымы бойынша Атқарушы директормен кездесу өткізді.
Кездесуде Ж. Дайрабаев фермерлік қауымдастықтың қазіргі жағдайына сипаттама беріп, ауыл шаруашылығын дамытудағы шішімін тауып жатқан және проблемалық мәселелерге тоқтала кетті.
Жиынға қатысушылар етті және сүтті бағыттағы ірі қара малдың тұқымдық сапасын жетілдіру және таралуын арттыру, Қазақстан Республикасының аумағында осы тұқымды мал басын фермерлік шаруашылықтарда көбейту және тарату бойынша қысқаша сипаттама берілді.
Палата өкілдері бір ауыздан «Qolday» жүйесінің тарифін көтеруге қатысты бір ауыздан қарсылықтарын білдіріп, мал өсірушілерге арналған ақпараттық талдау жүйесіне көшу керектігі туралы айтылды.
Ж.Дайрабаев сөзін қорытындылай келе алдағы уақытта ауыл шаруашылығының дамуына бірлесіп ықпал жасау керектігін айтты.

Добавить комментарий