«Қазақстан фермерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі  2003 жылдың ақпан айында құрылды. Одақ басшысы — Президент Дарынов Әуезхан Камешұлы.

Қазақстан фермерлер одағы экономиканың аграрлық секторының үкіметтік емес ұйымдарының өкілі болып табылады. Біздің басты мақсатымыз фермерлерді өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға шоғырландыру, ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың мақсатты бағдарламарын әзірлеуге және іске асыруға ықпал көрсету болып табылады.

«Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ бұл кезеңде Қазақстанның барлық облыстарының 10,5 мыңнан астам фермерлерін біріктіреді. Ұйымдастыру құрылымына 8 облыстағы филиалдары мен 5 облыстағы өкілдіктері кіреді.

Одақ мүшелерінің құрамы әр түрлі және еліміздің шаруа қожалықтарының барлық түрлерін көрсетеді. Біздің қатарымызда Әріпов Уалихан Сапиұлы («Заречный» ЖШС), Б.В. Исеитова («Агрофирма Каракол» ЖШС), «Болданов Саруар Сейтжанович» ШҚ; Жангуразов Ибрагим Дәуітұлы («Ижевский» ӨК) сияқты мықты фермерлер, сонымен қатар егістік алаңы бір гектардан 50 000 гектарға дейінгі фермерлік шаруашылықтар бар.

Біздің бірлестігіміздің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
— нарықтық қағидаттардың, техника мен жабдықтар лизингінің, жаңа қаржылық ресурстарға және жаңа технологияларға қол жетімділік негізінде фермерлік (шаруа) қожалықтарды және агроөнеркәсіптік кешеннің басқа да қатысушыларын мемлекеттік және мемлекеттік емес қолдауды жетілдіруде ықпал көрсету;
— Қазақстан Республикасы халқының сапалы тамақ өнімдеріне, тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында фермерлік (шаруа) қожалықтардың және агроөнеркәсіптік кешеннің басқа да қатысушыларының қызметін дамыту әрі жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Қазақстан фермерлер одағы ұйымының және қызметінің негізгі қағидаттары:
— мүшелік құрамына кіру және шығу еріктілігі;
— Қазақстан Республикасының Конституциясын және қолданыстағы заңнамасын сақтау;
— Одақ қызметінің жариялылығы және ашықтығы;
— ҚР фермерлерін кеңінен әрі жан-жақты қолдау және қамту;
Халықаралық келісімдер жасау.

Байланыстық деректер:

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы
Мәскеу көшесі, 18-үй, 14-кеңсе
Қабылдау бөлмесінің телефоны: +7(7172) 509928
Заң бөлімінің телефоны: +7(7172) 509930
Бухгалтерияның телефоны: +7(7172) 509929
Email: ard_astana@mail.ru

ҚФО РҚБ өңірлердегі филиалдары мен өкілдіктерінің төрағалары

Байланыс:

Аты (міндетті)

e-mail (міндетті)

Хабарлама

 

Leave a Reply